1. 1 Жалпы ережелер

1.1.  Акция ұйымдастырушысы «Сontinental Matador KZ» ЖШС болып табылады (Континентал Матадор КейЗэт) БСН 970640000527, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов к-сі , 60, Almaty Residence БО, 7-қабат, 21-кеңсе, Тел.: +7 771 790 40 55.

1.2.  Акция атауы «Жанармай сыйлаймыз! – CONTINENTAL шиналары!» (мәтінде бұдан әрі –«Акция»).

1.3.  Акцияны өткізу аумағы – Қазақстан Республикасы, Continental ресми дилерлерінің бөлшек желілерінің нүктелері.

1.4.  Акцияны өткізудің жалпы мерзімі – 2021 жылғы 01 наурыз бен 2021 жылғы 15 мамыр аралығы (мәтінде бұдан әрі – «Акцияны өткізу кезеңі»).

1.5.   Акцияның ресми ережелері (бұдан әрі – Ережелер) CONTIPROMO.kz  (бұдан әрі – Сайт) веб сайтында жарияланады.

1.6.  Акцияны өткізу Ережелері мен шарттарымен Сайттан танысуға болады.

  1. Акцияны өткізуге қатысты тауарлардың атаулары:

2.1. Акция CONTINENTAL шиналары дилерлерінің сауда нүктелерінде сатылатын кез келген өлшемді төрт дана жазғы жеңіл және жеңіл-жүк шиналарынан тұратын жинақтарға қатысты өткізіледі.

  1. 3 Жеке тұлға келесі шарттарды орындаған жағдайда Акция қатысушысы атанады:

3.1. Қатысушы — Ережелердің талаптарына сәйкес келетін және 2021 жылғы 01 наурыз бен 2021 жылғы 15 мамыр аралығында кез келген өлшемді 4 (төрт) дана CONTINENTAL жазғы жеңіл және жеңіл-жүк шиналарынан тұратын кем дегенде (1) бір жинақ акциялық өнімді сатып алған және Акцияға қатысу үшін міндетті талаптарды орындаған тұлға.

3.2.  Акцияға қатысуға Акцияны өткізу уақытына дейін 18 (он сегіз) жасқа толған Қазақстан Республикасының әрекет қабілеті бар азаматтары және Акцияны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатына ие әрекет қабілеті бар тұлғалар (бұдан әрі – Акция қатысушылары) жіберіледі.

3.3.  Акцияға қатысуға келесілер жіберілмейді: Акция Ұйымдастырушысының жұмысшылары, Акция Ұйымдастырушысы мүддесінің өкілдері, бекітілген тәртіпте Акция Ұйымдастырушысымен үлестес деп танылған тұлғалар, Акция Ұйымдастырушысымен бекітілген азаматтық-құқықтық және өзге де қатысы бар және Акцияны ұйымдастыру және/немесе өткізуге байланысы бар үшінші тұлғалардың жұмысшылары мен өкілдері, сондай-ақ, олардың отбасыларының мүшелері, азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ өзге мемлекеттердің азаматтары.

3.4.  Акцияға қатысу арқылы Акция Қатысушысы осы Ережелермен танысқанын және толық келісетінін және оның барлық шарттары мен талаптарын сақтау міндеттемелерін алатынын растайды.

3.5.  Акция қатысушысы атанып, кепілдендірілген сыйлықты алу үшін, сондай-ақ, суперсыйлықты жеңіп алу мүмкіндігін алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 2021 жылғы 01 наурыз бен 2021 жылғы 15 мамыр аралығы кезеңінде 2.1 тармақта көрсетілген кем дегенде 1 (бір) жинақ акциялық өнімді сатып алу;

  •  CONTIPROMO.kz сайтында қысқаша тіркеуден өту, сайтта Акциялық өнімді сатып алу дерегін растайтын фискалдық чек пен тауардың ілеспе құжатының фотосуретін орналастыру.
  1. 4 Сыйлық қорының құрамы мен мөлшері.

Акцияның сыйлық қоры Акция Ұйымдастырушысының ақша қаражаты мен мүлігінен құралады және келесі сыйлықтардан тұрады:

4.1. Берілетін кепілдендірілген сыйлықтар саны науқан кезеңінде сатылған акциялық өнімнің санына сәйкес келеді. *

4.2. Суперсыйлық – жанармай құю бекетінде 150 (жүз елу) литр көлемінде бензин алуға сертификат. Акцияны өткізудің барлық кезеңіне сыйлық саны – 150 дана.

*  4 шина сатып алуда – барлық жеңіл және жеңіл-жүк шиналары қатысады – сатып алушы (алғашқы 2100 сатып алушы) 20 литр жанармай алады

  1. 5 Сыйлық қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібі, оның ішінде Акция жеңімпаздарын анықтау тәртібі және ақпараттандыру тәсілі

5.1.  Кепілдендірілген сыйлықтар иелерін анықтау 2021 жылғы 01 наурыз бен 2021 жылғы 15 мамыр аралығында Акциялық өнімді сатып алған, Сайтта тіркелген және Акцияның өзге шарттарын орындаған қатысушылар арасында кепілдендірілген тәртіппен өткізіледі. Кепілдендірілген сыйлық иесі оны алу тәсілі туралы сату нүктесінде ақпараттандырылады.

5.2.  Суперсыйлықтар иелерін анықтау Акциялық өнімді сатып алған, Сайтта тіркелген және Акцияның өзге шарттарын орындаған барлық қатысушылар арасында өткізіледі. Жеңімпазды анықтау арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен сертификаттардың жеңімпаз кодтарын кездейсоқ анықтау жолымен жүзеге асырылады. Жеңімпазды анықтау кезінде Акция Ұйымдастырушысы Суперсыйлық ұтыс ойынының әрбір пулына негізгі және резервті жеңімпазды таңдайды.

5.3. Ұтыс ойыны күндері**:

бірінші пул (50 сыйлық) 30 сәуір 2021 жыл;

екінші пул (50 сыйлық) 31 мамыр 2021 жыл.

үшінші пул (50 сыйлық) 31маусым 2021 жыл.

**Суперсыйлықтардың ұтыс ойынын өткізу графигі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген демалыс және мерекелік күндер есепке алына отырып, түзетілуі мүмкін.

5.4.  Суперсыйлық иелері анықталғаннан кейін Акция Ұйымдастырушысы Акцияның жеңімпаз қатысушыларын тіркелу кезінде көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік номеріне телефон қоңырауын шалу немесе электронды мекен-жайға хат жазу арқылы хабарландырады. Акция Ұйымдастырушысы жеңімпазбен Жеңімпаздың анықталу сәтінен бастап 72 (жетпіс екі) сағат ішінде байланыса алмаған жағдайда аталған тұлға бұл сыйлықты иелену құқығынан айырылады және Акция Ұйымдастырушысы сыйлықты беру мақсатында резервтегі жеңімпазбен байланысқа шығады. Акция Ұйымдастырушысы резервтегі жеңімпазбен жоғарыда аталған мерзім ішінде байланыса алмаған жағдайда мұндай жеңімпаз аталған сыйлықты иелену құқығынан айырылады және Акция Ұйымдастырушысы бұл сыйлыққа өз қалауынша иелік етуге құқылы болады.

5.5.  Бір Акция Қатысушысы Акцияның барлық кезеңінде саны 1-ден (бірден) артық Кепілдендірілген сыйлықты және саны 1-ден (бірден) артық емес Суперсыйлықты жеңіп ала алады.

  1. 6 Акция жеңімпаздарына сыйлықтарды беру тәртібі және мерзімі:

6.1.  Акция қатысушысы CONTINENTAL шиналары дилерлерінің сауда нүктелерінде Кепілдендірілген сыйлықты алу құқығына ие болғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

6.2. Акция қатысушысы Суперсыйлықты алу құқығын иеленгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

6.3.  Сыйлықтар талон не сертификат немесе Қатысушының тіркеу кезінде көрсетілген электронды пошта не мобильді телефонына жіберілетін электронды ваучер түрінде берілуі мүмкін.

6.6.  Акция жеңімпазы Ережелерде жазылған шарттар мен сыйлықты алу мерзімін орындамаған жағдайда тиісті сыйлық берілмеуі және/немесе Акция жеңімпазы тиісті сыйлықты алу құқығынан айырылуы мүмкін.

6.8.  Сыйлықтар осы Ережелерде баяндалған тәртіптен басқа жолмен Акция Қатысушыларына берілмейді, сондай-ақ, сыйлықтар ақша эквиваленті түрінде де табысталмайды. Акция Қатысушысы сыйлықты алудан бас тартқан жағдайда, Акция қатысушысы осы Ережелерде көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда және сыйлықты бекітілген тәртіппен бекітілген мерзімде алмаған жағдайда Акция Қатысушысы сыйлықты алу құқығынан айырылады және Акция жеңімпазына тиісті сыйлық Акция Ұйымдастырушысында қалады. Сыйлықтарды Акция жеңімпаздары қайтадан талап ете алмайды және оларға ақшалай өтемақы төленбейді.

6.9. Акция Ұйымдастырушысының құзырында емес себептерге байланысты тіркеу кезінде көрсетілген мобильді және/немесе стационарлық номерлер арқылы, электронды поштаға электронды хат жазу арқылы, сондай-ақ, Акция Қатысушысы ретінде тіркелген кезде мекен-жайдың жазылмауы себепті Акция Қатысушысымен байланысу мүмкіндігінің болмауы Акция Ұйымдастырушысын жауапкершіліктен босатады.

  1. 7 Акцияның жалпы шарттары

7.1.  Осы Ережелермен CONTIPROMO.kz Сайтында танысуға болады.

7.2.  Акцияның бір Қатысушысы тек бір мобильді телефон номерін қолдану арқылы Акцияға қатысу құқығын иеленеді.

7.3.  Акцияға қатысу дерегі Акция Қатысушылары олардың атын, әкесінің атын, тегін фотосуреттерін, олар туралы видео, аудио және өзге материалдарды Акция Ұйымдастырушысы Акцияны өткізумен байланысты кез келген жарнамалық және (немесе) ақпараттық материалдарда Акция Қатысушысына қандай да бір сыйақы төлеместен қолдануымен келісетінін білдіреді. Акция жеңімпазы қандай да бір сыйақы төлемін талап етпестен Акцияны өткізумен байланысты дайындалған жарнамалық материалдар түсіріліміне қатысуға және бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге келісімін береді. Мұндай барлық жарнамалық материалдар Акция Ұйымдастырушысына тиесілі болады.

7.4.  Сайтта тіркелу арқылы Акция Қатысушысы өзінің Қазақстан Республикасының әрекет қабілеті бар азаматы екенін, өзінің нақты және дұрыс мәліметтерін хабарлағанын растап, Акция Ұйымдастырушысының жарнамалық акциялары, сыйлықтары, өнім түрлері және өзге ұсыныстары туралы ақпаратты алуға келісімін береді. Акция Қатысушысының келісімі Акция Ұйымдастырушысына және оның бұл мәліметтерді заңсыз таратылудан қорғауға қажетті шараларды орындайтын өкілетті тұлғаларына Акция Қатысушысының жеке мәліметтерін Акция Ұйымдастырушысының жарнамалық акциясына қатысты Акция Қатысушыларымен байланысу мақсатында, оның ішінде СМС-хабарлама жіберу және электронды поштаға хабарлама жіберу мақсатында жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану құқығын береді. Келісім Акция Қатысушысы өзінің тіркеу мәліметтерін хабарлаған сәтінен бастап Акция Қатысушысы оларды қайтарып алғанға дейін күшіне енеді.

7.5. Акцияны өткізу мерзімдері мен шарттарын өзгерту құқығы тек Акция Ұйымдастырушысында болады.

7.6. Қосымша кеңесті сіз CONTINENTAL маркалы шиналарын сату нүктелерінде ала аласыз.

  1. 8 Барлық сыйлықтарды оның құнына сай ақшалай эквивалентімен ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығы:

8.1. Ешқандай жағдайда барлық сыйлықтар оның құнына сай ақшалай эквивалентімен ауыстырылмайды.

  1. 9 Қатысушының сыйлықты алу кезінде орын алуы мүмкін міндетті бюджет төлемдері және өзге де шығындар мен шығыстарды Сыйлықты алатын Қатысушы өзі төлеуі тиіс.